25 Ақпан 2019
287

Бөрлілік спортшылар халықаралық турнирден жүлделі оралды

 

Германияның Дормаген қаласында әйелдер, кадеттер мен жасөспірімдер арасында еркін күрестен Германияның «Hans von Zons Tournament» халықаралық Гран-при турнирі өтті.

 

         Байрақты бәсекеде 30-дан астам мемлекеттің спортшылары бақ сынаған. Олардың қатарында қазақстандық спортшыларда бар. Ел намысын қорғаған Бөрлі аудандық спорт мектебінің түлектері, қазіргі таңда облыстық спорт интернатында тәлім алып жүрген Айдана Сұлтанова мен Анастасия Панассович жүлделі оралды.

         Намысты додада бабы мен бағы келіскен Айдана 43 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанса, Анастасия 61 келі салмақта жеңімпаз атанды. Қыздардардың биік жетістікке жетуінде алғаш күрес өнерінің қыр-сырын үйреткен білікті бапкерлері Баймұрат Хұсайынұлының еңбегі зор.