26 Ақпан 2019
512

Переметныйда бейнекамералар орнатыла бастады

 

Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылында мемлекеттік және жеке серіктестіктердің қолдауымен диодты бейнекамералар орнату жұмыстары қолға алынды.

 

 

- Аудан орталығына жоспар бойынша 24 бейнекамера орнатпақшымыз. Көшедегі көлік қозғалысы мен тұрғындар көп шоғырланатын орталық көшелерге орнату жұмыстары басталып та кетті. Ауыл шетіне бейнекамера орнату жұмысы көктемде басталып, жыл ортасына дейін толық орындалады, - дейді Переметный ауылдық округі әкімі Бекзат Бадақов.

 

Аудан көшелеріне бейнекамералардың орнатылуы қоғамдық тәртіпті сақтау, көше мәдениетін меңгере түсу, ауыл тазалығының санитарлық талапқа сай болуына да септігін тигізбек.

 

Айта кетерлігі, диодты бейнекамера құрылғылары алыс аумақты жақындатуда анық түсірілімге ие және де бейнежазбаларды сақтау мерзімі де тиімді болмақ.