26 Ақпан 2019
708

Бәйтерек ауданының әкімі спортшыларды қабылдады

 

Бәйтерек ауданының әкімі Асхат Шахаров қысқы Президенттік көп сайыс бойынша спорттық стандартты орындаған ҚР-ның чемпионы, қысқы Президенттік көп сайыс бойынша спорт шеберлігіне үміткер, жерлесіміз Ляззат Тулепбергенова мен бапкері, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі  Жарас Айтуаровпен кездесті.

 

Ляззат Тулепбергенова 2001 жылы Бәйтерек ауданында көп балалы жанұяда дүниеге келген. Январцев ауылындағы мектептің 9-сыныбын аяқтағасын АТИСО жоғарғы оқу орнына оқуға түсіп, туризм саласын басқару мамандығы бойынша тәлім алуда.

 

Кездесу барысында қазіргі қазақ спорты туралы біраз әңгіме шертіліп, аудан әкімі спортшы мен оның бапкеріне ризашылығын білдірді.

 

Қысқы спорттың дамуы, спортшылардың дайындығы жөнінде әңгіме өрбіді.

 

- Байрақты бәсекелерде еліміздің көк байрағын желбіретіп жүрген қаншама спортшылар бар. Ляззат Қайырғалиқызы, Сіз де солардың қатарында біздің елімізді жаһан жұршылығына танытқан спортшыларымыздың бірісіз.

 

Алдағы болатын бәсекелерде жеңілсеңіз де мойымаңыз. Әр сабақтан бір қорытынды шығару керек. Қашанда аудан сіздерге қолдау көрсетуге әзір, - деді аудан әкімі Асхат Берлешұлы.