27 Ақпан 2019
401

Жалпақталдықтар ақындармен жүздесті

 

«Сөзін тыңдап данамның, сырын ұғам даламның» осындай атаумен К.Меңдәлиев атындағы мектептің жанынан ашылған «Мұра» жас ақындар үйірме мүшелерінің ұйымдастырумен жергілікті ақындармен сұхбаттасқан  әдеби-сазды кеш өтті.

 

 

Кездесу кешінің басты кейіпкерлері республика, облыс, аудан көлеміне танымал әнші-термеші, айтыс ақыны, әуесқой сазгер Сәрсенғали Бисенғалиев, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Ерен еңбегі», І дәрежелі «Еңбек даңқы» медалінің иегері ақын, термеші, сазгер Баян Қабиева, ақын, журналист, «Жастық үні» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қыдыр Абдрахманов, Жалпақтал балалар өнер мектебінің дәстүрлі ән сыныбының жоғарғы санатты ұстазы, ақын, әнші-термеші Асылхан Бултанов болды.

 

Жас өрендер қаламгерлердің шығармаларын жарыса оқып, бойға қуат, ойға шуақ дарытты. Әдеби кеште мектеп оқушылары қаламгерлерге сұрақтар қойды. Ақын мен жазушының айырмашылығына жете тоқталып, ой бөлісті.

 

Кеш барысында Жалпақтала ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Асыл Закарияқызы осындай әдеби сазды кеш ұйымдастырған мектеп ұжымына, ақындарға шығармашылық табыс тіледі.

 

Ақындар кездесу соныңда көпшілікке алғыс айтып, жыр сүйер қауыммен естелік суретке түсті.