27 Ақпан 2019
421

Бөрліде билер кеңесі құрылды

 

Бөрлі аудандық әкімдігінде округ әкімдері мен БАҚ қатысуымен өткен жиында аудан әкімінің орынбасары А.Көшкінбаев елдің телісі мен тентегін тиюды, ауыл арасындағы дау-дамайды шешуді ел ағалары мен сыйлы апалардың қолына берудің жөн екенін жеткізді.

 

 

Билер кеңесінің төрағасы болып көп жылдар судья қызметін атқарған тәжірибелі заңгер Нұртас Ибрашев сайланды. Кеңестің құрамында Рахымжан Бірманов, Тельман Жақсыбаев, Жолдығали Даулетьяров, Салиха Кульмангожиева сияқты ауданның беделді үлкендері бар.

 

Сөз алған Нұртас Қоңырбайұлы осынау абыройлы қоғамдық міндетті бірлесе жүргізуге шақырса, Жолдығали атай «өсер елдің баласы бірін-бірі батыр дейді» деп ынтымақты жоғалтпауға шақырды. 

 

Билер кеңесі арнайы қабылданған ереже бойынша жұмыс істейді.