28 Ақпан 2019
485

Жаңақалада ұлттық спорттан аудан біріншілігі өткізілді

 

Ұлттық спортымыз ұлықталған сайысты аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен аудандық «JASTAR» спорт клубы ұйымдастырды.

 

 

Аталмыш сайысқа Бірлік, С.Меңдешев, Жаңажол, Қызылоба, Жаңақазан, Пятимар, Мәстексай ауылдық округтері, Жаңақала орта мектебі, №3 қазақ мектебі және аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары бесене қатысты.

 

 Сайыстың алғашқы турында қайрат күші мол, батыл да төзімді жігіттеріміз аударыспаққа қатысып күш сынасса, екінші кезеңде жамбы атудан сайысқа түсті. Жұрттың спортшыларға деген қолдауы ерекше болды. Аударыспақтан бақ сынасқан ауыл жастары ат үстінде еркін ойнап, садақтан нысананы дәл көздеп, мергендіктерін дәлелдеді.

 

Аударыспақтан І орынды 60 келі салмақ дәрежесінде Арнұр Болатов (Бірлік ауылдық округі), 80 келі салмақ дәрежесінде Асыланбек Төлегенов (Жаңақала ауданы), ал + 80 келі салмақ дәрежесінде Жалғас Неғметов (Қызылоба ауылдық округі) иеленді.

 

Мергендер сайысы жамбы атудан І орын иегері Нұрғали Ғаббасов («Жаңарған өңірі» газетінің бас редакторы) атанса,  оқушылар арасында Бекжан Сатыбалды (Жаңақала ауданы) үздік болды.