01 Наурыз 2019
449

Ақсайда «Берекелі жамағат» еріктілер қоры құрылды

 

«Мейрімді көктем» жобасын қолдау, мейірімділік пен қамқорлықты еселей түсіп, жамағатты жақсылыққа ұйыстыру масқатында Бөрлі ауданы Ақсай қаласы мешіті имамдарының ұйымдастыруымен «Берекелі жамағат» еріктілер қоры құрылды.

 

         Аталмыш қор алғашқы көмегін Алғыс айту мерекесінде Бөрлі және Қанай ауылдарында тұратын көмекке мұқтаж он отбасыға азық-түлік жеткізіп беруден бастады.

         -Жамағаттың атынан ашылған арнайы қорға әр адам өзінің шама-шарқы жеткенше ақша салады. Жиналған қаржыға әр аптаның жұма күні Жұма намазынан кейін шалғай ауылдық округтерде жағдайы төмен, қамқорлықты қажет ететін отбасыларға азық-түлік таратылады. Жиналған қаржының көлеміне қарай әр отбасыға теңдей етіп жеткіземіз. Бұл еріктілер қоры алдағы уақытта жұмысын атқара береді. Әр жұмада ауылдық округтерге барып, барынша көмек көрсететін боламыз, -деді бас имам Қ.Жакенов.