01 Наурыз 2019
502

Бәйтеректе Алғыс айту күні аталып өтті

 

Бүгін Бәйтерек ауданы орталығындағы «Мәңгілік Ел» монументі алаңында  1 наурыз – Алғыс айту күніне орай салтанатты жиын өтті.

 

Отыздан астам этнос мекен ететін ауданның әкімі Асхат Шахаров сөз сөйлеп, мерекемен құттықтады.

 

         - Елбасымыз 2016 жылы 1 наурызды Алғыс айту күні деп бекіткен болатын. Алғыс айту мерекесінің маңызы зор деп ойлаймын. Баршаңызды осынау мерекемен құттықтаймын, - деді А.Шахаров.

 

         Мерекелік шара Достық үйінде жалғасын тауып, «Алғысым шексіз, туған жер!» атты мерекелік концертке ұласты.

Аудан әкімі облыс әкімі Алтай Сейдірұлының алғыс хатымен аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Любовь Шмаринаны марапаттады.

 

Әнші-композитор, халықтық «Ақ ниет» ансамблінің жетекшісі Гүлбаршын Қасиетова сөз сөйлеп, татулық пен ынтымақты ту еткен жерлестерге алғысын жеткізді. «Шатлық» татар этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Венера Мусағалиева аудандағы татар этносының атынан алғысын білдіріп, этно-мәдени бірлестік мүшелерімен бірге «Аллаға шүкір!» әнін көрерменге тарту етті. «Родничок» балалар фольклорлық ансамблі «Қазақстан» әнін шырқады. «Калинушка» фольклорлық ансамблінің мүшесі Хамиле Галиева да аудан халқына деген ыстық ықыласын білдіріп, ансамбль мүшелерімен бірге «Мое село» әнін нақышына келтіре орындады.