01 Наурыз 2019
396

Жымпитыда қайырымдылық дүкені ашылды

 

Бүгін Сырым ауданында «Мейірімді көктем» қайырымдылық акциясы басталды.

 

Акция барысында «Қайсар» спорт клубы ғимаратында қайырымдылық дүкені ашылды. Дүкенде көп балалы аналарға киімдер, қолданылған тұрмыстық бұйымдар беріледі. Игі істі Жымпиты ауылдық округі бастама ретінде көтеріп, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қолдау білдірді. Акцияға кез келген Жымпиты ауылының тұрғыны атсалысып, киім мен тұрмысқа қажетті бұйым, ыдыс-аяқтарын тапсыра алады.

Айта кетейік, акция наурыз айының соңына дейін жалғасатын болады.