01 Наурыз 2019
477

Ардагер ұстаз 90 жаста

 

Cырым ауданындағы А.Жұмағалиев атындағы Жосалы мектебінде тағылымды шара өтті.

 

Шара 90 жастағы ардагер ұстаз, «Халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісінің, бірнеше медальдардың, грамоталардың иегері, Жосалы ауылының қадірлі қариясы Балуаш  Серғазиевке арналды.

Кеште ұстаздың шәкірттері, зейнеткерлер Батырғали Жәңгірханов, Асан Жүсіпов, замандасы Өтебай Сағидуллин жүрекжарды тілектерін арнап, өмір жолдарындағы естеліктермен бөлісті.

Жосалы ауылдық округінің әкімі Қобыланды Ғабдешов Балуаш Серғазиевке құттықтап, сый-сияпатын тапсырды.

Шара барысында аудан әкімі Т.Төреғалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Ғалымовтың құттықтау хатын да ауыл әкімі мерейтой иесіне салтанатты түрде табыс етті. Аталмыш мектептің директоры  Әскербек Тәжіғалиев  ардагер ұстаз Б.Серғазиевке ұжым атынан құттықтау лебізін арнап, қазақы дәстүрмен шапан жапты.

Ардагер ұстаз  Б.Серғазиевтің 90 жасқа толуына арналған шарада мектеп оқушылары, округтегі әжелер ансамблі әннен шашу шашып, жүректен шыққан жыр жолдарын оқыды.

Шара соңында Б.Серғазиев, ұлы Айдар  шараны ұйымдастырушыларға алғыс сезімдерін білдірді.