01 Наурыз 2019
423

Жәнібекте қар суы тиімді пайдаланылмақ

 

Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев Талов, Жақсыбай ауылдық округтеріне барып, көктемгі су тасқынына дайындық барысымен танысты.

 

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Серік Алтаевтың айтуынша, екі ауылдық округте де су тасқынының алдын алуға бағытталған жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Талов ауылында «К-700» тракторының күшімен екі көшенің қарын шығару, су жүретін жолдарды тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Су тасқыны бола қалған жағдайда ауыл маңындағы тоғаннан артық суды шығарып, қалғанын мал шаруашылығына пайдалану қамы да қарастырылуда. Көктемгі су тасқынының алдын алуға байланысты Азамат Сафималиұлы аталған ауылдық округ әкімдеріне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.