05 Наурыз 2019
507

Тасқынның алдын алу басты назарда

 

Тасқала ауданы әкімі Алдияр Халеловтың төрағалығымен көктем мезгіліндегі су тасқынының алдын алу шаралары бойынша отырыс өтті.

 

 

Биыл қардың мөлшерден тыс көп түсуіне байланысты су тасқыны болу қаупі ескеріліп, алдын алу жұмыстарына зор көңіл бөлінгені белгілі. Әсіресе, жаппай сенбіліктер ұйымдастырылып, қар тазалау жұмыстары қарқынды жүруде.

 

Еріген қар суының төндірер қаупі тұрғындар мазасын алған. Осыған орай ауа райының қолайсыздығына қарамастан сенбілік жұмыстары тоқтатылмады.

 

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Мади Шауеновтың сөзіне сүйенсек, бүгінде Деркөл өзені бетіндегі мұз қалыңдығы 66 см. Ал қардың түсімі бойынша орташа биіктігі 64 см болса, тоң түсу қалыңдығы 11 сантиметрге жеткен.

 

Сондай-ақ Орал-Озинки тас жолынан 85 жеңіл автокөлігі мен 2 жүк көлігі қар құрсауынан шығарылды. Бұған «Казахавтодор» компаниясы мен аудандық төтенше жағдай бөлімі, №13 өрт сөндіру бөлімі мен жедел құтқару жасағы қызметкерлері жұмылдырылған.

 

Ендігі кезекте, жол бойындағы каналдарды қардан тазалау жұмыстарына назар аударылуда.