05 Наурыз 2019
576

Т.Жароков атындағы мектепте өлкетанушы, журналистпен кездесу өтті

 

Жәнібек ауданы орталығындағы Т.Жароков атындағы мектепте аудандық музей және аталған білім ұясының тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен тарихшы, өлкетанушы, журналист Ахмедияр Батырхановпен кездесу кеші өтті.

 

 

Журналистің «Жаралы жылдар жаңғырығы» атты кітабы бар. Кітап тұтқынға түскен, жау қолында қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткендердің тауқыметті тағдырлары жөнінде РФ Қорғаныс министрлігінің «ОБД-Мемориал», «Подвиг народа» сайттарындағы архивтік мәліметтер зерделеніп жазылған.

 

Кеште аудандық музей бөлімінің меңгерушісі Меңдігүл Фазылова Ахмедияр Қуанұлының өлкетанушылық, журналистік, педагог-зерттеушілік, фотографтық қырларына егжей-тегжейлі тоқталды. Кеш кейіпкері өзінің ата-анасы, өскен ортасы туралы әңгімеледі.

 

Шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев, еңбек ардагерлері Болат Закарин, Қабаш Жүнісов, аудандық демалыс орталығының басшысы Алтай Бақтығалиев, тарих пәнінің мұғалімі Жасқайрат Каргин А.Батырханов туралы әңгімелерімен бөлісіп, жылы тілек-лебіздерін білдірді.    ҚР Ұлттық музейі имидждік-ақпарат қызметінің басшысы, журналист, ақын, өлкетанушы, дәулескер күйші Дәулеткерей Құсайыновтың Астана қаласынан электронды поштамен жолдаған хаты оқылды.

 

Кеш соңында мектеп директоры Сержан Қошанов А.Батырхановқа алғысхат пен бағалы сыйлық табыс етті. Кеш кейіпкері шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдірді.