06 Наурыз 2019
253

Тасқалада қол күресінен ашық біріншілік мәреге жетті

 

Тасқалада қол күресінен ұл-қыздар арасында аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен ашық біріншілік өтті.

 

 

Жарыста Ақтөбе облысының Темір ауданы мен Орал қаласы, Тасқала, Теректі, Ақжайық, Сырым, Қаратөбе аудандарының жасөспірімдері сынға түсті. Ашылу салтанатында аудандық мәдени,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айгүл Дүйсенова құтықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

 

Қызықты да тартысты өткен жарыста жалпы командалық есепте жүлделі І орын Тасқала ауданының құрама командасына бұйырса, Орал қаласының командасы ІІ орын иеленіп, сырымдықтар ІІІ орынға табан тіреді. Спорттық шара соңында жүлдегерлер дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.