06 Наурыз 2019
259

Бәйтеректе «Ашық әкімдік» шарасы ұйымдастырылды

 

Бүгін Бәйтерек ауданында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының ХVIII съезінде айтқан әлеуметтік бағдарламалар мен бастамаларын түсіндіру мақсатында аудан әкімі Асхат Шахаров, аудан прокуроры Данияр Төлегенов пен мекеме, бөлім басшылары қоғамдық қабылдау жүргізді.

 

 

Мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыру, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етуді көздеген «Ашық әкімдік» қоғамдық қабылдауында аудан тұрғындары тарапынан жолданған сауалдарға жауап қайтарды.

 

 

Қоғамдық қабылдау барысында тұрғындардың көпшілігін баспана, жер телімі, ауыз су мәселелері толғандырды.

 

«Ашық әкімдікке» келген аудан тұрғындары өзіндік ой-пікірлерін ортаға салып, түсінік жұмыстарына қанықты.

 

Айта кету керек, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, тұрғындардың талап-тілегін жүзеге асыруға арналған шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады.