07 Наурыз 2019
281

Ардагер аналарға құрмет көрсетті

 

Сырым аудандық «Сырым елі» қоғамдық-саяси газеті редакциясында ұзақ жылдар қызмет атқарған ардагер аналарды газеттің бас редакторы Бауыржан Ширмединұлы мерекемен құттықтап, шаңырақтарында болды.

 

 

Жылы шұрайлы жүздесу сәтінде аудандық газет редакциясының қарбаласқа толы сәттері жөнінде естелік әңгімелер, оқиғалар сөз болды. Бұл жөнінде толғамды ой-пікірлерін ортаға салған 90 жасқа толғалы отырған ардагер әже Файруза Закированың әңгімелері әсерлі болса, зейнеткер аналар Дана Қыдырғалиева, Ботагөз Нұғыманова газет саласында атқарған жылдарынан әдемі естеліктерін айтты.

 

 

Ардагер аналарды төл мерекелерімен құттықтап, құттықтау хат, сыйлық тапсырған Бауыржан Ширмединұлы аналарға бақытты ғұмыр, отбасылық қуаныш тілеп, жылы пікірлерін арнаса, аудандық саз мектебінің ұстазы Дархан Қажығалиев домбырамен ән мен терме орындады.

 

Өздеріне көрсетілген құрмет үшін ардагер аналар редакция ұжымына алғыс білдірді.