07 Наурыз 2019
352

Қошанкөлде ат спорты түрлерінен жарыс өтті

 

Қазталов ауданының Қошанкөл ауылында Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көрсетілген атқа міну мәдениетін дамыту мақсатында және «НұрОтан» партиясының 20 жылдығына орай ат спорты түрлерінен жарыс өтті.

 

 

Шара 20 тұлпар мінген ауыл азаматтары мен 27 тайға мінген жас шабандоздардың шеруімен басталды. Қошанкөл ауылдық округі әкімі, «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымының төрағасы Радж Шарипов келген қонақтарға алғысын айтып, шабондаздарға сәттілік тіледі.

 

 

Шара барысында Қошанкөл ауылының атбегісі Ғайса Жұмағалиев жас шабандоздар арасында бой сергіту сәтін өткізіп, ат әбзелдерінің атын атап, түсін түстеп, қандай мақсатта пайдаланылатыны туралы мағлұмат берді. Бұдан кейін шара жасөспірімдер арасындағы тай жарысы, аударыспақ ойындарына ұласып, ересектер арасында теңге алу және жаппай көкпар ойыны өкізілді.

 

Жеңіс тұғырына көрінген шабандоздар мен ойыншылар дипломмен марапатталып, ақшалай сыйлық табысталды.

 

Айта кетейік, қошанкөлдіктер аудан бойынша аталмыш шараны өткізу эстафетасын Қазталов ауылдық округіне жолдады.