07 Наурыз 2019
413

Ақпараттық-түсіндіру тобы ауылдарда болды

 

«Нұр Отан» партиясының 18 сьезіндегі Елбасының баяндамасынан туындайтын міндеттер бойынша Жәнібек ауданында ақпараттық-түсіндіру тобы құрылды.

 

 

Бүгін аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Азамат Сафималиев бастаған аталған топ мүшелері Борсы, Қамысты және Тау ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті. Үш ауылда өткен жұртшылықпен жүздесу барысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев биыл 1 шілдеден бастап енгізілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің төленетін тәртібін түсіндірді.

 

Жиында ауылдардағы тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері жауап қайтарды.