12 Наурыз 2019
182

Жәнібек ауданы әкімі жоғарғы лиганың чемпиондарымен кездесті

 

Бүгін Жәнібек ауданы әкімі Азамат Сафималиев шағын футболдан жоғарғы лиганың облыстық чемпионатында бірінші орын алған бір топ спортшымен кездесті.

 

 

Атап айтсақ, олардың қатарында Әлібек Кенжалиев, Аязби Марданов, Ринат және Алмат Ахмулдиндер, Аманжол Есенов, Данияр Зұбайыров, Бекзат Хайрушев, Ержан Ибрагимов, Төрехан Айып-Нұртас бар. Аудан басшысы жоғарғы лиганың чемпиондарына, спорттың қай түрі болсын әрдайым демеушілік жасап отыратын «Әлем» шаруа қожалығының басшысы Есқайыр Елемесовке, аудандық футбол федерациясының басшысы Жандос Уәлиевке алғысын айтып, болашақта да үлкен жетістіктерге жетулеріне тілектестігін білдірді.

 

Сонымен қатар аудан әкімі биылдан қалмай аудан орталығында дене шынықтыру және сауықтыру кешені салынып, алдағы уақытта көршілес Ресейден, аудандардан спортшыларды шақырып, аудандық және облыстық чемпионаттарды өткізуге мүмкіндік болатынын айтты. Өз кезегінде Есқайыр Қафарұлы мен Жандос Амангелдіұлы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыружәне спорт бөлімінің басшысы Бекежан Шарафутдинов пен спорт мектебінің директоры Орынбасар Ғилымовқа ризашылығын білдірді. Азамат Сафималиұлы жеңімпаздарға зор денсаулық, отбасылық амандық, қызметте толайым табыс тілей отырып, өз атынан алғысхатпен марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті.