12 Наурыз 2019
259

Достықтағы «Ашық әкімдік»

 

Бәйтерек ауданы Достық ауылында аудан әкімі Асхат Шахаров, аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Ысмағұлов пен өзге де бөлім, мекеме басшылары тұрғындарға көкейкесті мәселелеріне байланысты қабылдау өткізді.

 

 

«Ашық әкімдікке» барлығы 27 тұрғын қатысып, сан-салалы сұраққа жауап алды. Негізгі келіп түскен сұрақтар жұмыспен қамту, жәрдемақы алу, газ, су жүргізу, кәсіпкерлік ашу төңірегінде болды.

 

- Мен үйіме көгілдір отын өткізу үшін қаражат сұраған едім. Қолдан келгенше көмектесетіндігін айтты. Әйтпесе, қаражат жағы қинап тұр, - дейді ауыл тұрғыны Руслан Мұхитұлы.

 

Ауыл тұрғындары осындай «Ашық әкімдік» әлі де жалғасын тапса деген ниеттерін жеткізді.