12 Наурыз 2019
212

Бөрліде «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

 

Бөрлі ауданында 11 наурыз «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.

 

 

Бөрлі ауданының полиция бөлімі басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Тимур Майранов аталмыш іс-шараның барысы туралы ақпарат берді.

 

- «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы 11-20 наурызда жүргізіледі. Іс-шараның нәтижесінде жол көлік ережесін бұзғаны үшін 87 775 теңге, ал қоғамдық қауіпсіздікті бұзғаны үшін 30 962 теңге айыппұл төленді. Айыппұл салынған адам 7 күн ішінде тек жартысын ғана төлей алады. Уақыт асып кеткен жағдайда айыппұлдың толық ақысын төлеуі тиіс. Ал уақытында төлемеген борышкерлер шекарадан шығу құқығынан айырылып, көлігі уақытша айып тұрағына қойылады, - дейді Тимур Нұрболатұлы.