18 Наурыз 2019
289

Бөрліде қазақ күресінен облыстық белдесу өтті

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында, қазақ күресінен өткен ашық облыстық турирге 2005-2006, 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер қатысты.

 

 

Додаға Атырау және Ақтөбе облысынан, Орал қаласынан, Жаңақала, Сырым, Шыңғырлау, Бөрлі ауданынан келген командалардан барлығы 120 палуан. Турнирдің ашылу салтанатында Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкінбаев спортшыларға сәттілік тіледі.

 

Жарыстың қорытындысы бойынша жеңіс тұғырынан 2009-2010 жылы туған ұлдар арасында Мансұр Аманқос, Жанарыс Шәкен, Талғат Аманқос, Досым Абдурахмандар үздік болса, 2005-2006 жылы туған ұлдардан Асылхан Турғалиев, Жәнібек Наренов, Әділет Серікбаев, Абдулхаким Кенжибаев, Серік Даулет (46кг), Алтынбек Ергарин, Мерлан Шукаев, Арон Давлетжанов, Бекзат Максут үздік атанды. Ал Жеңісхан Қайрат (Жаңақала ауданы) «Ең жас спортшы», Дәулет Серік (Сырым ауданы) «Жеңіске деген жігерлігі үшін» аталымына ие болды. Бөрлілік Мерлан Шукаев «Ең үздік әдіс көрсеткені үшін» аталымымен марапатталды.

 

Командалық белдесуде Атырау облысы үздік шықса, екінші орынға Сырым ауданы табан тіреді. Үздік үштікті Бөрлі ауданы қорытындылады.