18 Наурыз 2019
201

Теректілік «Жұлдыз» би ансамблі республикаға жолдама алды

 

Шет мемлекеттерде абыройымызды асырып, республикада да өнер көрсетіп жүрген «Жұлдыз» би ансамблі мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

 

 

Орал шаһарында өткен республикалық II «Батыс Жұлдыздары» атты байқауға Жанар Тайшыбаева жетекшілік ететін «Жұлдыз» жас ерекшіліктеріне байланысты төрт топпен барды. Бір ерекшелігі, төртеудің үшеуі жүлдемен қайтты. «Халық биі» (10-14 жас) аталымы бойынша ауданымыздың бишілері І орынды жеңіп алса, «Қазақ биі» (6-9 жас) аталымы бойынша жүлделі ІІ орынды еншіледі. Ал «Балалар биі» номинациясында (6-9 жас) үздік үштіктен көрінген.

 

Айта кетейік, «Жұлдыздың» үлкен және кіші тобы Астанадағы республикалық байқауға жолдама алса, даярлық тобы Атырау қаласындағы бишілер байқауында өз бақтарын сынайтын болады.