19 Наурыз 2019
533

Қос ансамбльге жаңа ұлттық киім берілді

 

Бүгін Жәнібек аудандық ардагерлер үйінде «Ақниет», «Надежда» ансамбльдерінің мүшелеріне аудан әкімінің ықпалымен қазақ және орыс халқының ұлттық киімдері берілді.

 

 

Жиында аудан әкімі Азамат Сафималиев жиналған қауымды келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі.

 

Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, зейнеткер Меңсұлу Жұмақұлова, «Ақниет», «Надежда» топтарының мүшелері Маржан Дегетаева, Наталья Сажиналар сөз сөйлеп, өздеріне көрсетілген қамқорлыққа алғыс білдірді.