20 Наурыз 2019
477

Қазталовта Татуласу орталығы жұмысын бастады

 

Бүгін аудан орталығында Татуласу орталығы ашылды.

 

Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Абат Шыныбеков: «Араздасқанды татуластырып, ұрысқанға ұлағатты жол көрсететін орталық елімізде медиация туралы Заңның үстемдігін арттыру мақсатында қолға алынып отыр. Бұл жаңа орталық азаматтар үшін медиатордың, адвокаттың, сот атқарушысының нотариустың, психологтың қызметі бір арнаға тоғысқан бірыңғай алаң. Тек орталықты ашып ғана қоймай, әр мәселенің шешу жолдарына айрықша көңіл бөлу қажет. Соның нәтижесінде: дауды шешу мәдениеті қалыптасады, моральдық, материалдық шығындар азаяды, құқық бұзушылықтардың алды алынады», - деді.

Татуласу орталығында медиатор, адвокат, психолог, билер кеңесі қызмет көрсетеді. Енді дауларды сотқа жеткізбей шешуге болады. Татуластыру кабинетінің ашылуы азаматтар үшін кеңес алуға зор мүмкіндік беріп отыр.