27 Наурыз 2019
542

Сырым ауданында «Ашық әкімдік» шарасы өтті

 

Аудан әкімі және екі орынбасары барлық ауылдық округтің орталықтарында, елді мекендерде тұрғындар үшін қабылдаулар өткізіп, оған бөлім басшылары мен жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысты.

 

 

Шараның бірінші күні Сырым ауданыныңәкімі Төлеген Төреғалиев Бұлдырты, Жосалы ауылдық округтері мен Көгеріс ауылында болып, жалпы саны 70 тұрғындыжеке мәселелері бойынша қабылдады. Аудан басшысы округтердегі сапарында тұрғын үйлері апатты деп танылған азаматтардың шаңырақтарында болып, жағдайларымен танысты.


«Ашықәкімдік» шарасы аясында өткен аудан әкімінің орынбасарлары Ерболат Ахметов пен Асланбек Сарқұловтың округ орталықтары мен елді мекендердегі қабылдауларына да халықбелсенді қатысқан.


Сырым аудандық жалпы бөлімінің басшысы Берік Жанболсыновтың айтуынша, аудан бойынша 154 тұрғын «Ашықәкімдік» шарасыныңқабылдауына келген. Тұрғындар билік өкілдеріне негізінен жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік жәрдемақыны алу жолдары жайлы кеңес сұрап және тұрғын үй, жұмыссыздық мәселелері жөнінде жолыққан.


Ә
детте халық мәселесін айту үшін әкімдердің алдына келетін еді. «Ашықәкімдік» осы үрдісті бұзды. Әкімдер, билік өкілдері халықтың мәселесін тыңдау үшін тұрғындардың алдына өздері барды. Бұл әдіс несімен тиімді? Нәтижелі ме? Осы сұрақтарды Сырым ауданыныңәкімі Төлеген Төреғалиевке қойдық.


Көп балалы отбасы немесе аз қамтылған жанұялар үшін мемлекет тарапынан жаңа бағдарлама қабылданғаны белгілі.  Осы бағдарламаны халыққа түсіндіру, тұрғындардың жалпы мемлекеттік бағдарламалар жөніндегі сауалына жауап беру мақсатында «Ашықәкімдік» шарасын ұйымдастырдық. Төрт күннің ішінде 32 елді мекен қамтылды.


«Ашықәкімдік» шарасының тиімділігі –  бұл жерде мәселені кейінге қалдыру болмайды.Тұрғындардыңәрбір сауалына сол кезде тиісті жауаптар берілді. Мәселен, көп адам әлеуметтік мәселелер бойынша жолықты. Әріптестеріміз оларға практикалық көмек көрсетті. Ашық, жариялы әрі қолжетімді билік – бүгінгі күннің талабы. Біз осы талапты орындағымыз келеді.


Бір қуантқаны, қабылдауға несие алып, кәсіп бастаймын, еңбек етемін деген ынталы жастар көп келді. Осындай жастар үшін биыл «Жастар жылы» аясында Сырым ауданына  500 мың теңгеге дейін 34 грант бөлініп отыр. «Ашықәкімдік» аясында біраз жаспен жаңа жобалар жөнінде ақылдастық. – дейді аудан әкімі