27 Наурыз 2019
241

Жәнібектік жас футболшылар жүлделі оралды

 

 

Ресей Федерациясының Палласовка ауданында 2008 жылы туған жасөспірімдер арасында шағын футболдан өткен матчтық кездесуге қатысқан  Жәнібек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері екінші орынға ие болды.

 

Сонымен қатар «Үздік сұрмерген» және «Үздік қақпашы» аталымдарымен Алижан Сырым мен Қайсар Қамит марапатталды. Жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар табыс етілді.

 

Спортшылардың аталған жарысқа қатысуы үшін жеогілікті кәсіпкерлер Жандос Уәлиев пен Дастан Әбдірешевтердің демеушілік көмек жасағанын айта кеткен абзал.

 

БҚО азаматтық қорғау қызметкерлері арасында волейболдан жарыс басталды

 

26 наурызда №24 орта мектептің спорт залында азаматтық қорғау қызметкерлері арасындағы волейболдан өтетін жарыстың ашылу салтанаты өтті.

 

Қызметкерлердің ұйымшылдығын арттыру, дене шынықтыру дайындықтарын күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатын көздеген спорттық шараға қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің, БҚО ТЖД, Өрт сөндіру қызметі басқармасының командалары қатысты.

 

Жарысты БҚО ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығы, азаматтық қорғау майоры Н.Селимов ашып, командаларға сәттілік және жақсы ойын тіледі.

 

Салтанатты шара соңынан алаңға шыққан алғашқы командалар арасында тартысты ойын өрнегі қатысушылар мен жанкүйерлердің көңілдерін көтеріп-ақ тастады.