28 Наурыз 2019
282

Ақын Халима Өтеғалиеваның туғанына 130 жыл

 

Бүгін Жәнібек аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын Халима Өтеғалиеваның туғанына 130 жыл толуына орай «Асыл жыр қалдырған ақын ана» атты поэтикалық марафон өтті.

 

 

Шара барысында Т. Жароков атындағы орта мектеп, №1 мектеп-лицей, А.Оразбаева атындағы негізгі мектеп, «Жәнібек» балабақшасы, М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жас мамандары Халима Өтеғалиеваның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев пен ардагер ұстаз Қабаш Жүнісов Халима Өтеғалиева туралы естеліктерімен бөлісті.

 

Кітапханашы Жібек Батырғалиева «Сөз зергері Халима» атты кітап көрмесімен таныстырды. Жиын соңында орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Светлана Джукина жас мамандарға алғыс хаттар табыстады.