01 Сәуiр 2019
474

БҚО-да фольклор фестивалі өтті

 

Бөрлі ауданында «Дала сазы» облыстық фольклорлық ансамбльдер фестивалі өтті.

 

 

Фестивальдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкінбаев «Әуелеген ән, күмбірлеген күй, шарықтаған жыр біздің жүрек түкпірімізден орын алады. Дәстүрді дәріптейтін шаралар өз жалғасын таба берсін» деп қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

«Ақ жаулықты әжелер» ансамблінің тамаша жыр шашуымен басталған фестивальде Шыңғырлау ауданының  халықтық «Торыатбасы әуендері», Бәйтерек ауданының халықтық «Шежіре», Қаратөбе ауданының халықтық «Ауыл әуендері», Тасқала ауданының халықтық «Жас дәурен» және де Бөрлі ауданының «Назқоңыр» фольклорлық ансамбльдері өнер көрсетіп, көрермендерді әуезді әнмен сусындатты.

 

Кеш соңында аудандық мәслихат депутаты Виталий Ан: «Қазақ музыка өнерінің құдіреттілігі қазақ халқының мейірімін, парасаттылығын, кеңпейілділігін бір арнаға сыйғызуында. Мен үшін қазақ даласында бейбіт күн кешіп жатырған барша этнос үшін қазақ әуені үнемі құнды болмақ. Бүгін рухани байып, бір жасап қалдық. Өнерпаздарға үлкен рахмет айтамын»,-деп тілегін жеткізіп, қатысушы ансамбльдерге алғыс хат ұсынды.