01 Сәуiр 2019
449

Ақжайықтық оқушылар құстарға ұя орнатуды дәстүрге айналдырды

 

Ақжайық ауданынының Жанама ауылындағы Сарытоғай орта мектебінің 4-сынып оқушылары тоғайда құстарға 4 ұя орнатты. «Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі Бақытжан Тұрайысовтың жетекшілігімен олар соңғы 3 жылда осымен орманға 14 ұя орнатты.

 

 

- Біз ағаштарға жақсылап бекіткен «үйлеріне» қараторғайлар ұшып келіп, қоныстанып жатқанын көріп, ерекше қуандық,- дейді оқушы Құттығали Рамазан.

 

Ауданның көптеген мектебінде шәкірттер құстар үшін тоғайда, саябақтарда ұя орнатуды дәстүрге айналдырған.