02 Сәуiр 2019
338

Жәнібектік дзюдошылар Ресейде жеңімпаз болды

 

Ресейдің Волжск қаласында спорт ардагерлерін еске алуға арналған дзюдо күресінен 2002 жылы туған және одан үлкен ересектер мен әйелдер арасында және 2003-2005 жылы дүниеге келген жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ашық қала біріншілігі өтті.

 

 

Чемпионатқа Жәнібек ауданы атынан қатысқан спортшылар жақсы нәтиже көрсетті. Нақтырақ айтсақ, 39 келі салмақ дәрежесінде Әлихан Сәдуақасов бірінші орынды еншілесе, 60 келі салмақта Айбол Қаратаев екінші орыннан көрінді. Сонымен қатар 42 келі салмақта Саят Нұрсұлтанов пен 63 келі салмақта Айдана Өтебалиева үшінші орыннан көрінді. Жеңімпаздар диплом және медальдармен марапатталды.