02 Сәуiр 2019
277

Қаратөбелік спортшылар ел чемпионатынан жеңіспен оралды

 

Алматы облысы Талдықорған қаласында өткен қол күресінен ел чемпионатында облыс намысын қорғаған қаратөбелік спортшылар үлкен абыроймен оралды. 

 

 

Дүбірлі додаға 16 облыстан 1000-нан аса спортшы қатысты.

 

Батыс Қазақстан облысының құрамасы сапында өнер көрсетуші қаратөбелік спортшыларды Қаратөбе балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің «Қол күресі» үйірмесінің жаттықтырушысы Нұрхат Нысанов бастап апарды.

 

2001-2003 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында 50 келі салмақта Ержан Ерболат қарсыластарына дес бермей І орынға ие болып, алтыннан медаль тақты.

 

1998-2000 жылы туылған жастар арасында ең ауыр салмақта +90 келіде  Фархат Қалиев ІІІ орынға тұрақтап, қола медальді қанжығасына байлады

ы туылған және одан кіші жасөспірім ұлдар арасында 40 келі салмақ дәрежесінде Сейілхан Жарылғасымов ІІ орын қол жеткізіп, күміс медальға ие болды. Өз салмақ дәрежелерінде күш сынасқан жерлестеріміз Әлішер Есенқұлов (45 келі), Әли Шайжанов (55 келі)  үздік ондықтың қатарынан көрініп, жақсы өнер көрсетті. 


Маусым айында Қырғызстанда өтетін Азия, қыркүйек айында Польшада өтетін Әлем чемпионатына Фархат Қалиев пен Ержан Ерболат жолдама алды.

 

Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысушы шәкірттерімнің қай-қайсысы да жақсы ойын өрнегін көрсетті. Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Тыңғылықты дайындалып, үздіксіз жаттығыудың нәтижесінде ел чемпионатында шәкіртерім үздіктер қатарынан көріне білді. Он алты облыс қатысқан ҚР чемпионатында қоржынымызға бір алтын, бір күміс, бір қола бұйырды. Бұл дегеніңіз – біз үшін үлкен жетістік, - дейді спортшылардың жаттықтырушысы Нұрхат Есенжанұлы.