03 Сәуiр 2019
535

Бәйтеректік футбол ардагерлеріне құрмет көрсетілді

 

Бәйтерек ауданының əкімі Асхат Шахаров аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешені базасында өткен шағын футбол қорытындысында жеңімпаз атанған ардагерлерден құралған "Бəйтерек" футбол командасы мүшелерімен жүздесіп, жеңістерімен құттықтады.

 

 

- Сіздер əрдайым да жастарға үлгі-өнегесіздер! Сіздер əкелген жеңіс жастарды спортпен дос болуға, бір болуға шақырады.
Бүгінде елімізде бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы іске асқан жұмыстарда Сіздердің де үлестеріңіз ұшан-теңіз. Сіздерге жетістік, жеңіс тілеймін, - деді ардагер спортшыларға ақ тілегін арнаған аудан басшысы А.Шахаров.

 

Одан соң аудан басшысы спорт ардагерлеріне арнайы кубок, дипломдар табыстады. Барлық ардагер спортшыларға өз кезегінде "Бəйтерек ауданы" деп жазылған спорттық футболка сыйға берілді.

 

Футбол өнерінде 2014 жылдан бері байрақты бəсекелерде жеңіс тұғырынан көрініп келе жатқан ардагер спортшылар аудан басшылығына алғысын білдіріп, естелікке суретке түсті. Футбол алаңында ардагерлер жастарға арналған шеберлік сағатымен қоса, жолдастық кездесу де өткізді.