04 Сәуiр 2019
232

Ақжайық ауданында спортшыларға құрмет көрсетілді

 

Ақжайық ауданы әкімі Қалияр Айтмұхамбетов ауданның белгілі спортшылары және олардың жолын қуған ұл-қыздарды, түрлі жарыстарда дараланып жүрген жастарды марапаттады.      

 

 

Олардың арасында қол күресінен жастар арасындағы әлем чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Кенжеқыз Каупенова, ҚР Кубогінің иегері, ҚР чемпионатының күміс жүлдегері Жанна Казтуганова, жасөспірім арасында ҚР чемпионатының жүлдегері Ринат Қамен, жекпе-жектен ҚР чемпионатының қола жүлдегері Жанель Ғариполла, қазақ күресінен БҚО чемпионатының жеңімпазы, республикалық турнирдың күміс жүлдегері Алмагүл Серікбайқызы, волейболдан халық ойындарының жүлдегерлері Данияр Бакишев пен Баян Қайырғали бар.

 

Сондай-ақ футзалдан 2018-2019 жылдар қорытындысымен І орын иегері «Жігер» спорт клубы, ІІ орынды аудандық аурухана, ІІІ орын аудан әкімдігі мен Қабыршақты ауылдық округі командаларына диплом берілді. Түрлі аталымдармен жекелеген аяқдопшылар, паралимпиадалық спорт түрлерінен жетістіктерге жеткен Амангелді Сатыбалдиевке (үстел теннисі, бадминтоннан облыс құрама командасының мүшесі), Зағипа Мыңбаеваға (қол күресінен және жеңіл атлетика облыс құрама командасының мүшесі), аудандық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұжымына, Қазбек Медеуовке (отырып ойнайтын волейболдан облыс жүлдегері, шахматтан аудандық жарыстардың жеңімпазы), Дина Аймурзиеваға («Жігер»спорт клубының нұсқаушысы), волейболдан ауданның маңдайалды командалар мен ойыншыларға, денсаулық фестивалін ұйымдастыруға сүбелі үлес қосып жүрген ұжымдарға, ұлттық спорт түрлерін дамытудағы еңбектері ерек ұжымдарға, денешынықтыру мен спорт саласының өкілдеріне, жастар жетекшілеріне құқрмет көрсетілді.