04 Сәуiр 2019
334

Флиппердің тиімділігі зор

 

Түн ішінде көліктердің малға соғылуы жиіледі. Осыған байланысты Қаратөбе ауданы орталығында арнайы шара өтті.

 

 

Қаратөбе аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Алмаз Елбаев пен аталмыш бөлімнің жол полициясының аға инспекторы Айбек Арсенов мал өрістейтін бағытқа шығып, мал ұстайтын тұрғындарымен кездесті.

 

Кездесу барысында жылқы мен ірі қараның мойынына көлік жарығына жарқырайтын флиппер тақты. Ауыл тұрғындарына тиімділігін түсіндірді. Баудың бағасы 200 теңгеден аспайды.