08 Сәуiр 2019
373

Бәйтеректе «Былғары доп» турнирі ұйымдастырылды

 

Бәйтерек ауданында 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында шағын футболдан аудандық кезеңі өтіп, оған 18 команда қатысты.

 

 

Шағын футбол қорытындысында І орынға Асан мектебі, ІІ орынға Макаров мектебі, ІІІ орынға Дариян мектеп гимназиясы ие болды.

 

Бұл жарыста ерекше ойын көрсете білген Александр Лоскотов (Макаров мектебі) «Үздік шабуылшы», Әлихан Сариев (Дариян МГИ) «Үздік ойыншы», Мадияр Аманжол (Асан мектебі) «Үздік қақпашы», Никита Мишин (Асан мектебі) «Үздік қорғаушы» аталымымен марапатталды, - дейді Бәйтерек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері С.Ұмбаев.