09 Сәуiр 2019
245

Саройдың сахманшылары қызу науқанға кірісті

 

Сырым ауданы Сарой ауылдық округі бойынша 8 шаруашылық қой өсіреді. 6 сәуірден бастап осы шаруашылықтарда төлдеу науқаны басталды.

 

 

Округтің әкімі Айбол Жакиевтің бүгінге берген ақпарына сүйенсек, қожалықтарда 2 726 бас саулық қозылады. Былтыр қойларын тұқымдық түрлендіру мақсатында округтегі шаруашылықтар асыл тұқымды 100 қошқар сатып алған еді. Атап айтсақ, 800 саулығы бар «Серік»шаруа қожалығы 27, 250 саулығы бар «Мархабат» шаруа қожалығы 10, 480 бас саулығы бар «Бекжан» шаруа қожалығы 20 бас асыл тұқымды қошқарды Ақтөбе облысы, Ойыл ауданынан Сарой ауылдық округіне алып келіп, отарларына қосты. Бүгінгі күні осы үш шаруашылықта 385 қойдан 402 қошақан алынды.

 

Төл алу науқанына қожалықтар бойынша 20 сахманшы, яғни төл алушы жұмысшы қатысуда.

 

Суретте: «Бекжан» шаруа қожалығындағы қой төлдету науқаны.