09 Сәуiр 2019
277

Шыңғырлауда «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтуде

 

Шыңғырлау ауданы орталығындағы А.Құнанбаев пен Л.Қылышев көшелерінің қиылысында аудандық полиция бөлімі «Жолда қабылдау» республикалық акциясын өткізді.

 

 

Акция кезінде 12 азамат автокөлікті тіркеу қызметі жөнінде, 15 азамат жүргізуші куәлігінің берілу тәртібі туралы сауалдарына жауап алса, 2 тұрғынға жолаушылар тасымалының заңдылығы, ал екі Ресей азаматына көші-қон заңнамасының тәртібі жөнінде түсінік берілді.

 

Ішкі істер органдарына тіркелмеген қару акциясы бойынша және азаматтық қаруды  рәсімдеу заңдылығы туралы 5 адам сұрақтарымен жүгінді. Заңдылықты сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы кездесу тоқсан сайын өткізілмек.