09 Сәуiр 2019
337

Ақжайықта 25 мың үйіңкі отырғызылды

 

Ақжайық ауданындағы Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде көктемгі егу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.

 

 

Бүгін Алмалы орманшылығында мемлекеттік орман қоры жерінде 12 га., Степной, Алмалы орманшылығында – Орал-Атырау жолы бойында 23 га., яғни барлығы 35 га. жерге тал отырғызылды. Көктемгі ағаш отырғызуға барлығы 25 мың үйеңкі, 30 мың шаған жапырақты үйіңкі екпесінің материалдары жұмсалды.

 

- Бүгінде жоспар бойынша алаптарда және орамдарда 18 га. жерде толықтыру жұмысы жүргізілуде. «МТЗ-82», «ДТ-75» тракторлары, «ПН-4/35» соқасымен, тал отырғызатын «МП-5» агрегаты бабында,- дейді орманшаруашылық инженері Айгүл Берікқызы