09 Сәуiр 2019
447

Қосаралда фитнес-клуб ашылды

 

Сырым ауданы Қосарал мәдениет үйінің меңгерушісі Жәкен Ершманқызының бастамасымен ауылдың 20 мен 50+ жас аралығындағы қыз-келіншектерінің сұрауымен тегін фитнес-клубы ашылды.

 

 

Жаттығу аптасына үш рет, яғни айына 12 мәрте өтеді. Фитнес-клубы жас ерекшелігіне қарай, белгілі уақыт аралығында жұмыс жасайды. Елу жастан жоғары әйел адамдарға буындардың мобильдігіне арналған аэробика элементерімен сауықтыру шаралары, сондай-ақ, дұрыс тыныс алу үшін йога жасайды.

 

Сонымен қоса клуб белсенділері 2 аптада бір мәрте шығыс биіне қатысуға мүмкіндігіне ие бола алады. Салауатты өмір салтын ұстануға көмегін тигізетін фитнес клубтың жоспарлары көп.