10 Сәуiр 2019
374

Қаратөбеде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

 

Бүгін Қаратөбе ауданының мәдениет үйінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

 

 

Мұндай шара жылына кем дегенде 4-5 рет өткізіледі. Жәрмеңкеде мұғалім, логопед, дефектолог, психолог, электрик мамандықтарымен қатар, шаруа қожалықтарынан жұмысшыларға сұраныс болды. Аталған шарада 13 мекеме, 26-ға жуық мамандық бойынша бос орындарды жариялады.

 

Жәрмеңкеде 8 маман жұмысқа жолдама алды. Шарада аудандық жастармен жұмыс жөнніндегі ресурстық орталықтың маманы Маралбек Амантаев «Zhas Projest» әлеуметтік жобасы туралы түсіндіріп, жастарды өз кәсібін ашуға шақырды. Әлеуметтік жоба жастарға көп мүмкіндік береді. Оның ішінде мамандығы жоқ, мүмкіндігі шектеулі жандар да іс бастай алады. Оқымайтын және жұмыс істемейтін, жұмыс істейтін, бірақ табысы төмен жастар үшін ерекше басымдылық берілген.