12 Сәуiр 2019
178

«Балдәуреннің» жеңімпаздары анықталды

 

Сырым аудандық мәдениет үйінде «Балдәурен - 2019» балалар шығармашылығы фестивалі өтті. Алдымен өнерлі өрендер іріктеу кезеңінде бақтарын сынады. Кейін қорытынды бөлім жалғасып, жас өнерпаздар марапатталды.

 

 

Поэзия жанры бойынша Ақбота Қайырова, жыр айту жанрынан Айзере Мереке, халықтық ән салу жанры бойынша Төлес Төлеген, домбырамен ән салудан Асхат Мадияр, хореография жанры бойынша «Қызғалдақтар» би тобы, вокал жарны бойынша дуэт боп ән салған Ранида Рақымжанова мен Кәусар Орынбай жеңімпаз атанды.

 

Бірінші орынға ие болған дарындар облыстық «Балдәурен - 2019» байқауына жолданды.