12 Сәуiр 2019
188

Жәнібекте 500-ден астам адам жалпыхалықтық диктант жазды

 

Жәнібек ауданының орталығындағы Т.Жароков атындағы мектепте және ауылдық округтердің барлық мектептерінде жалпыхалықтық диктант жазу шарасы өтті.

 

 

Диктант Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 2 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Сондай-ақ латынға негізделген қазақ тілі әліпбиінің, «Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері» жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін тексеру басты мақсат.

 

Айта кетейік, аудан бойынша барлығы 500-ден астам адам диктант жазуға қатысты.