12 Сәуiр 2019
292

Тұқымның сапасы өнімділікке бастайды

 

Бүгін Бәйтерек ауданындағы Асан ауылындағы «Мар-Эль» шаруа қожалығының өндірістік базасында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының, «Байер Каз» ЖШС-ның және осы шаруашылық қожалығының ұйымдастыруымен тұқымды алдын ала өңдеу, дәрілеу тақырыбында семинар-тренинг өтуде.

 

 

Дәнді дақылдардың тұқымын көктемгі егіске алдын ала өңдеудің маңызы бар. Дәріленген тұқым ертеңгі өнімнің түрлі өсімдік ауруларынан жойылуын 15-20 пайызға төмендетеді. Тұқымды улау оны залалсыздандырып, бастапқы өсу кезеңінде қорғайды. Сондықтан егіннен жоғары өнім алуға ықыласты шаруашылықтар тұқым өңдеу жұмыстарына бейжай қарамайды.

 

Мамандар дәнді, майлы және мал азықтық дақылдардың тұқымдарын дәрілеудің дұрыстығын айтады.