12 Сәуiр 2019
187

Бәйтеректе волейболдан ашық турнир өтті

 

Бәйтеректе «Nur Otan» партиясына 20 жыл және Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл толуына орай ерлер арасындағы волейболдан ашық турнир өтті.

 

 

Турнирде аудан басшысы Асхат Берлешұлы сөз алып:

 

- Кемел келешек пен жарқын болашаққа бастаған егеменді елімізде спортты қолдау жан-жақты даму барысында спортпен шұғылдану, жаттығу жасау - саламатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі кепілі болып саналады. Соған орай ауданымызда өтіп жатқан ерлер арасындағы волейболдан ашық турнирге қош келдіңіздер! Қатысушы командаларға сәттілік тілеймін, - деді.

 

Волейбол жарысына көршілес Тасқала ауданы, аудан орталығы Переметный ауылы, Дариян ауылы және ауылдық округ әкімдері командалары қатысты.

 

Жарыс қорытындысында Тасқала ауданы құрама командасы І орынды жеңіп алса, ауданымыздың ауылдық округ әкімдерінен құралған құрама команда ІІ, Переметный ауылдық округі құрама командасы ІІІ орындарды иеленді.

 

Турнир соңында жеңімпаз командалар марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.