15 Сәуiр 2019
194

Бәйтеректік аяқдопшылар қайырымдылық қорына қаражат аударды

 

Бәйтеректе кәсіпқой емес футбол командалары арасында чемпионат өтті.

 

 

Бәйтерек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және «Шаңырақ-Дос» футбол командаларының ұйымдастыруымен өткен чемпионатқа 12 команда қатысты.

 

Футбол қорытындысында Дариян ауылының «Бәйтерек» командасы І орынды жеңіп алса, Орал қаласының «Агрореммаш» командасы ІІ, «Шаңырақ-Дос» құрама командасы ІІІ орынды иеленді.

 

Жүлдегер командалар арнайы дипломдармен марапатталды.

 

- Чемпионат барысында жиналған 180 мың теңге қаражат мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек ретінде «Жұлдыз» қайырымдылық қорына аударылды, - дейді Бәйтерек аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Данияр Досқалиев.

 

 

Шыңғыс Ромашев

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz