15 Сәуiр 2019
326

Ардагер шахматшыға арналған турнир

 

Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы, спорт ардагері Елдос Кенжеғалиевтің 80 жас мерейтойы мазмұн-мәнімен аталып өтті. Мерейлі жас иесі Елдос Кенжеғалиев – ауданның экономикалық әлеуетінің дамуына елеулі үлес қосқан жандардың бірі. Ардагерді құттықтауға аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов, орынбасары Лариса Қайырғалиева, мәслихат хатшысы Ерболат Таңатов, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен қатар өзге де тілекші қауым жиналды. Дәстүр бойынша ақсақалдың үстіне шапан жабылып, ізгі лебіздер төгілді.

 

 

Шаршы тақтада полицей де, мемлекеттік қызметкерлер мен шекарашылар да бақ сынасты. Жарыс қорытындысында ерлер арасында полиция инспекторы Дәурен Сертеков бірінші орынды иеленсе, екінші және үшінші орындарды мемлекеттік қызметкер Кенжебек Қадырұлы мен шекарашы Нұрлыбек Бегалин өзара бөлісті. Жасөспірімдердің ішінен үздік  атанған Қуанышбек Кәрімов болса, ағайынды Алмас пен Орынбек Ғұмаровтар қалған жүлделі орындарға табан тіреді.

 

 

Арайлым Маратқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz