15 Сәуiр 2019
236

Боз кілемде жас самбошылар сайысты

 

Бөкей ордасы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен 2004-2005 жылдары және 2006-2008 жылдары туған жасөспірімдер арасында самбо күресінен іріктеу турнирі өтті. Бұл бәсекеде Сайқын, Мұратсай және Бисен ауылынан келген спортшылар баптары мен бақтарын таразыға салды.

 

 

Жарыс қорытындысында нақтырақ айтсақ, қарсыласынан айласын асырып, басым түскен  сайқындықтар әр салмақ дәрежесі бойынша  жеңімпаз атанды. 2004-2005 жылғылар арасындағы белдесуде 50 келі салмақта Медет Мақсот, 55 келіде Думан Ғиззатов, 60 келіде күш сынасқан Елдар Сатқанов, 66 келі және одан жоғары салмақта Дияс Садаров пен Нұрлан Сұлтанияровтардың бағы жанды.

 

2006-2008 жылғы самбошылар арасынан мұратсайлықтар Фархат Фазылов (35келі), Дарын Өтепқалиев (38 келі), сайқындық өрендер Сұлтан Ескендіров (42 келі) пен Ернұр Ержан (46 келі), мұратсайлық самбошылар Нұрхан Нұрланов (50 келі) пен Мансұр Төлебаевтар (55келі) боз кілем үстінде ешкімге дес бермеді.

 

Бас жүлдені қанжығасына байлағандар Астрахань облысы Ахтуба қаласында өтетін додаға жолдама алды.

 

 

Арайлым Есмағұлова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz