17 Сәуiр 2019
395

Тасқалада коворкинг ашылды

 

«Самғау» коворкингінің ашылуына аудан әкімі Алдияр Халелов пен БҚО жастар саясаты мәселесі жөніндегі облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Альфия Жақсығалиева, аудан жастары қатысты.

 

 

Айта кету керек, коворкингтің ашылуына аудандық бюджеттен 3 млн.теңге қаражат бөлінген.

 

Жиында сөз алған аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы, жаңа орталықтың ашылуымен құттықтады.

 

- Бұл жер әр салада еңбек етіп жатқан жастардың бас қосып, ойлары мен жаңа идеяларын жүзеге асыратын, жастардың игілігіне қызмет ететін орталық болады деп есептеймін. Биыл - Жастар жылы. Сондықтан жаңадан қолға алынып жатқан бағдарламаларды пайдаланып, жаңа жоспарларды іске асыруға жастар атсалысады деп сенемін,-деді аудан әкімі.

 

Одан әрі жиналғандар орталықтың жұмысымен танысып, ашық алаңда ұйымдастырылған «Жастар - елдің тірегі» атты кездесу кешіне қатысты.