17 Сәуiр 2019
527

Шыңғырлауда «Адалдық» дүкені ашылды

 

«Ақжайық - адалдық алаңы» атты жоба Шыңғырлауда да іске асуда. Бүгін аудан әкімдігінде «Адалдық »дүкені ашылды.

 

 

Оның негізгі мақсаты - қандай істе де адал болу, адамдардың бір-біріне деген сенімін арттыру, жемқорлыққа қарсылық мәдениетін дамыту, адалдыққа тәрбиелеу. Шара аудан әкімі аппараты, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімімен ұйымдастырылып, енді өзге мекемелерде жалғасын таппақ.

 

«Адалдық» дүкенінің өзгешелігі сол, мұнда сатушы болмайды. Әр адам өзіне қажетті затын алып, оның ақшасын арнаулы ыдысқа салады.